Қауіпсіздік Орталық

Қауіпсіздік бойынша серіктестер

Шағымдану

Жаңартылды: September 10, 2024

Мен шағым жіберген соң не болады?

TikTok біздің қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етеді. Қауымдастық ережелерін бұзу әрекетін анықтау және оған тиісті шаралар қабылдау үшін автоматтандырылған және адам тарапынан жасалатын бағалау әдістерін пайдаланамыз.

TikTok мұндай контенттердің көбісін шағымдар түскенге дейін қарап, оларды алып тастап отырады, солай бола тұра, TikTok-ты қауіпсіз және қолайлы жер ету үшін біз қауымдастығымыздың барлық мүшелерінен біздің ережелерімізді бұзды деп күдіктенген контенттерді бізге хабарлап отыруға шақырамыз.

Егер сіз шағымданамын деп шешсеңіз, онда TikTok сіз шағымданған контент иесіне сіздің кім екеніңізді айтпайды.

TikTok-та контентке қалай шағымдануға болады?

Сіз қауымдастыққа қолдау көрсету үшін Қауымдастық ережелерін бұзды деп ойлаған кез келген бейнеге, пікірге немесе аккаунтқа шағымдануыңызға болады. Сіздің шағымыңыз рас болып шықса, бұл бізге қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі.

Мәселе туралы хабарлау, сонымен қатар келесілерді орындау нұсқауларын алу үшін Анықтамалық орталығымызға кіріңіз:

Ереже бұзуды анықтау және оларға қарсы шара қолдану қалай жүзеге асырылады?

Ықтимал зиянды әрекеттердің алдын алу үшін TikTok біздің ережелерімізге қайшы контентті немесе аккаунттарды басқа адамдар көргенге немесе бөліскенге дейін алып тастауды көздейді.

Алдын ала анықтау:

  1. TikTok Қауымдастығымыздың ережелерін бұзған-бұзбағанын білу үшін контентті тексеру технологиясын қолданады.
  2. Егер осы технология контентті ережені бұзуы ықтимал контент деп анықтаса, ол автоматты түрде жойылады немесе модераторлардың қосымша тексеруі үшін жалаушамен белгіленеді.
  3. Зиянды контент біздің қауымдастығымыздың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай қауіпті азайту үшін біздің автоматтандырылған тексеру жүйелеріміз қосымша тексеру ретінде көрілімдер саны жоғары бейнелерді Қауымдастығымыздың ережелерін бұзбағанын тексеру үшін контент модераторларына жіберуі мүмкін.

Егер шағым жіберілсе, шағымданған контент біздің саясаттарымызды (мысалы, Қауымдастық ережелерін) бұзып-бұзбағанын тексеру үшін біз оны қарап шығамыз. Бұзған болса, біз оған қарсы шаралар қолданамыз, қажет болса, оны алып тастаймыз. Сонымен қатар контент бір немесе бірнеше елде не аймақта заңсыз болса, біз мұны тексеріп анықтаймыз.

Қауымдастық ережелерінің Құқық қорғау бөлімі, сонымен қатар біздің Ашықтық орталығымыз арқылы құқық қорғау шаралары туралы көбірек біліңіз.

Шағым алған контент Қауымдастығымыздың ережелерін бұзған болса не болады?

Егер контент Қауымдастығымыздың ережелерін бұзатыны анықталса, TikTok мыналарды да қамтитын шараларды қолдануы мүмкін:

  • Ережені бұзған контентті платформадан жою
  • Аккаунтқа тыйым салу
  • Жоғалған және қаналған балалар істері жөніндегі ұлттық орталыққа (NCMEC) жастарға қатысты жыныстық қанау және зорлық-зомбылық жағдайлары туралы шағымдану. Егер адамдардың өміріне немесе ауыр дене жарақаттарына нақты, шын және тікелей қауіп төнсе, біз тиісті құқық қорғау органдарына хабарлаймыз.
 

Шағымдану қандай жағдайда контентті «Ұсыныстар» лентасына шығаруға жарамсыз етеді?

Ұсыныстар лентасындағы контенттің қайталанбастығы TikTok-ты бірегей етсе де, бұл контент жасөспірімдерден бастап үлкен ата-әжелерге дейін барлығын қамтитын кең аудиторияға арналған. Кейде контент кең аудитория үшін қолайсыз мазмұнда болған кезде біз оны «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз етеміз. Бұл келесіге қатысты контентті қамтиды:

  • Мінез-құлықтың саулығы
  • Көңілге тиетін және ересектерге арналған тақырыптар
  • Адалдық және шынайылық
  • Бақыланатын тауарлар

Сондай-ақ біз осындай контенттердің кейбіреуін іздеу жолында табуды қиындатамыз. Біздің анықтама орталығымыздың Контент жариялау ережелерін бұзу және тыйым салу бөлімінің астынан Контент жариялау ережелерін бұзу және ұсыныстар лентасына жарамсыз ету туралы көбірек біле аласыз.

Шағымданудан соң қандай хабарландыру түрлері шығады?

  • Шағым жіберілген соң шағымның қандай кезеңде және процесте екенін сізге кіріс жәшік арқылы хабарлауымыз мүмкін, болмаса шағымдану нәтижесін «Параметрлер және құпиялылық > Қолдау > Қауіпсіздік орталығы > Шағымдар тарихы» тармағынан шағымдану тарихынан көре аласыз.
  • Егер біз контентті (бейне, фото, пікір, аудио немесе эфир) ұсыныстар лентасы үшін жарамсыз етсек немесе оны басқаша түрде шектесек, біз бұл туралы авторға хабарлап, бұзушылықтың себебін айта аламыз. Дегенмен, біз ешқашан контентке кім шағымданғаны туралы ақпаратты айтпаймыз.
  • Егер бір адамның аккаунты бұзушылыққа байланысты бұғатталған болса, олар қолданбаны ашқан кезде аккаунттың күйінің өзгергені туралы баннерлік хабарламаны алады.

 

Шағым нәтижесінде қабылданған шешімнен бас тарту мүмкін бе?

Егер аккаунтқа қателікпен тыйым салынғаны анықталса, TikTok-тың анықтама орталығының аккаунт қауіпсіздігі бөлімінде көрсетілгендей аппеляция жіберуге болады. TikTok апелляциялық шағымдарды қарау кезінде контентке кім шағымданғаны туралы ақпаратты бермейді.