Skip to main content
Қауымдастық ережелерінің орындалуын қамтамасыз

Қауымдастық ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету туралы есеп

1 қазан – 31 желтоқсан 2023 ж.
15 наурыз 2024 ж. жарияланды

Осы есеп туралы

Біздің TikTok-тағы миссиямыз — шығармашылыққа ынталандыру және қуаныш сыйлау. Біз қауіпсіздік, әл-ауқат және тұтастықты бірінші орынға қоямыз. Бұл қауымдастығымызға емін-еркін контент жасауға, сұхбаттастарды табуға және қызықты контент көруге мүмкіндік береді.

Біздің платформадағы барлық контентке қолданылатын қатаң Қауымдастық ережелерімізді, Пайдалану шарттарымызды және Жарнама саясаттарымызды сақтау және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін сенім мен қауіпсіздік бойынша 40 000-нан астам маман жұмыс істейді және оған қоса инновациялық технологиялар пайдаланылады. Бұл соңғы есепте осындай жұмыс бойынша аналитикалық мәліметтер берілген және одан біздің сенім, түпнұсқалық және есептілікті қалай қамтамасыз етіп жатқанымызды көруге болады.

Соңғы деректер

downloadDownload

Қауіпсіздік

Біздің платформамыз өсіп жатқандықтан, біз сенімді қауіпсіздік стратегияларын жүзеге асыруға басты назар аударамыз. Біз ережелерді айналып өтудің жаңадан шығып жатқан жолдарын дереу қолға алып отырамыз. Оған қоса, ережелерді бұзатын контент пен аккаунттарды проактивті және тиісті түрде жоюға тырысамыз. Ашықтық мақсатында біз енді видеоларды жоймай тұрып олардың қанша рет қаралғаны туралы мәліметті көрсететін боламыз.


Израиль-Хамас соғысы

2023 жылдың 7 қазанында Израиль мен Хамас арасындағы соғыс басталғалы бері біз қауымдастықты қорғау бойынша кеңейтілген іс-шаралар, соның ішінде маңызды ресурстар мен қызметкерлерді жұмылдыру, өнім функцияларын ұсыну және сарапшылармен бірге жұмыс істеу бойынша жаңартуларды тұрақты түрде жариялап отырдық.

Біз қызмет ететін қауымдастықтардың алдында жұмысымыздың тиімділігі туралы есеп беріп отырдық, атап айтқанда, контентті жою туралы ақпаратты мерзімді түрде жариялап отырдық. 2023 жылдың аяғында соғыс басталғаннан бері біз Қауымдастық ережелерімізді бұзғаны үшін, соның ішінде Хамасты, ғадауат тілін, терроризмді және жалған ақпаратты насихаттайтын контент үшін Израиль мен Палестинада 1,5 миллионнан астам видеоны жойдық және 46 000-нан астам тікелей трансляцияны тоқтаттық.

Сондай-ақ алаяқтық мінез-құлыққа сақтықпен қараймыз. 2023 жылдың 7 қазанынан бастап жыл соңына дейінгі аралықта біз әлем бойынша 169 миллионнан астам жасанды аккаунтты жойдық және соғысқа қатысты хэштегтері бар контенттен 1,2 миллионнан астам бот пікірді жойдық.

Жарияланған видеоларды жою және тікелей трансляцияларды тоқтату

Жалпы жою және қалпына келтіру әрекеттерінің саны, контент түрі бойынша

Жою рейтингтері, көру үлестірілімі және шағымға жауап беру уақыты

Жою әрекеттерінің саясаттар бойынша үлестірілімі

Нарық және тіл бойынша модерация

Құпия ықпал ету операциялары

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Венесуэла мен Панамада жұмыс істеді және панамалық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар «Революциялық-демократиялық партия» (PRD — Democratic Revolutionary Party) саяси партиясына қолайлы идеяларды жасанды түрде нығайту үшін күмәнды аккаунттар жасап, испан тіліндегі контентті ауқымды түрде жариялаған болатын.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі2,25425,132

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Индонезияда жұмыс істеді және индонезиялық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар нақты бір президенттікке үміткерге қолайлы идеяларды жасанды түрде нығайту үшін күмәнды аккаунттар жасап, индонезия тіліндегі контентті жариялау арқылы Индонезиядағы сайлау алдындағы талқылауларға айла-шарғы қолданбақ болған.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі8177,849
Ішкі

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Украинада жұмыс істеді және украиналық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар проукраиналық идеяларды жасанды түрде нығайту және платформадан тыс трафикті монетизациялау үшін күмәнды аккаунттар жасап, украин тіліндегі контентті ауқымды түрде жариялау арқылы Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғыс туралы талқылауларға айла-шарғы қолданбақ болған.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі328711,288

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Иракта жұмыс істеді және Ирак аудиториясына бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар антиамерикалық көзқарасты насихаттау және проресейлік идеяларды жасанды түрде нығайту үшін күмәнды аккаунттар жасап, араб тіліндегі контентті жариялау арқылы Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғыс туралы талқылауларға айла-шарғы қолданбақ болған.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі195173,327

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Мысыр мен Швецияда жұмыс істеді және Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріндегі шейіт мұсылмандар популяциясына бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар өздерін жетекші авторлар ретінде көрсетіп, желі ішінде тікелей трансляцияларды ұйымдастырып қана қоймай, Сириядағы ағымдағы режимді және прошейіттік исламдық контентті насихаттайтын идеяларды нығайту үшін араб тіліндегі контентті жариялаған болатын. Сондай-ақ бұл желі Палестина үшін қолайлы материалдарды жариялау арқылы Хамас пен Израиль арасында болып жатқан соғыс туралы талқылауға айла-шарғы қолданбақ болған.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі1691,085,275

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Ресейде жұмыс істеді және украиналық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар проресейлік идеяларды нығайту үшін күмәнды аккаунттар жасап, украин тіліндегі контентті жариялау арқылы Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғыс туралы талқылауларға айла-шарғы қолданбақ болған.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі143170,455

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Иракта жұмыс істеді және Ирак аудиториясына бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар Халықтық мобилизация күштерін (PMF — Popular Mobilization Forces) құпия түрде насихаттау үшін, сондай-ақ Таяу Шығыстағы Иранның әскери мақсаттары үшін күмәнды аккаунттар жасап, араб тіліндегі контентті жариялаған болатын.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі84154,697

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Әзірбайжан жұмыс істеді және бүкіл әлемдегі әзірбайжандық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар проирандық идеяларды, сондай-ақ АҚШ, Израиль және Түркияны сынға алатын идеяларды жасанды түрде нығайту үшін күмәнды аккаунттар жасап, әзірбайжан тіліндегі контентті жариялаған болатын.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі5739,609

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Германия жұмыс істеді және германиялық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар «Германия үшін балама» (AfD — Alternative for Germany) саяси партиясына қолайлы идеяларды нығайту және ресейлік мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының тезистерін ақтау үшін күмәнды аккаунттар, соның ішінде күмәнды жаңалықтар аккаунттарын жасап, неміс тіліндегі контентті жариялау арқылы Германиядағы саяси талқылауларға айла-шарғы қолданбақ болған.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі32445,111

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Тайваньда жұмыс істеді және тайвандық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар бұғаздың екі жағындағы тараптардың арасындағы қарым-қатынастар туралы проқытайлық идеяларды нығайту үшін күмәнды аккаунттар, соның ішінде күмәнды жаңалықтар аккаунттарын жасап, мандариндік қытай тіліндегі контентті жариялаған болатын.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі214,022

Біздің бағалауымыз бойынша бұл желі Тайваньда жұмыс істеді және тайвандық аудиторияға бағытталды. Бұл желінің басында тұрған тұлғалар бұғаздың екі жағындағы тараптардың арасындағы қарым-қатынастар туралы проқытайлық идеяларды нығайту үшін күмәнды аккаунттар, соның ішінде күмәнды жаңалықтар аккаунттарын жасап, мандариндік қытай тіліндегі контентті жариялаған болатын.

Анықтау көзіЖелідегі аккаунттарЖелі аудиториясы
Ішкі1256,715

ЕСКЕРТПЕ: Құпия ықпал ету операцияларына қарсы іс-қимылдар жүйелі операцияларды, соның ішінде зерттеу, жою және кейінгі талдауды қажет етеді. Біз бүкіл операциялар кешені жүргізілген тоқсан барысында осындай желілерді жою туралы есеп береміз.

Терминология

  • Желілер жұмыс істеген аймақ: Жеке және ашық көздерден алынған техникалық және мінез-құлықтық деректерге сүйене отырып, желі жұмыс істеген географиялық орынды көрсетеді; TikTok желілердің нақты бір ұйымдарға, тұлғаларға немесе топтарға тиістілігін анықтау үшін қажет деректерге ие болмауы мүмкін.
  • Анықтау көзі: Белсенділік тек ішкі зерттеу нәтижесінде анықталған жағдайда ішкі деп, ал зерттеу сыртқы шағымдар негізінде жүргізілген жағдайда сыртқы деп белгіленеді.
  • Желі аудиториясы: Желі жойылатын күні желідегі кез келген аккаунтқа жазылған аккаунттардың жиынтық саны.

Платформа қауіпсіздігі

Ғаламдық қауымдастығымыздың қауіпсіздігін сақтау біздің басты міндетіміз болып табылады. Жаңа іс-шараларды әзірлеу кезінде біз платформа қауіпсіздігін белсенді түрде қамтамасыз етуді және қорғауды бірінші орынға қоямыз. Біз мыналарға тыйым саламыз: (1) TikTok-тың кез келген бөлігіне рұқсат етілмеген әдістермен кіру; (2) құпия, коммерциялық немесе жеке ақпаратты алуға талпыну; немесе (3) платформада қауіпсіздік, тұтастық немесе сенімділікті теріс пайдалану.

Ішкі қорғанысты нығайту және сынақтан өткізу үшін біз Осалдықты анықтағаны үшін марапаттау бойынша ғаламдық бағдарлама жөнінде HackerOne ұйымымен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Бұл бағдарлама қауіпсіздік зерттеушілерін қауіпсіздік осалдықтары туралы проактивті түрде хабарлауға ынталандырып, бізге мұндай осалдықтарды түзетуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың төртінші тоқсанында Осалдықты анықтағаны үшін марапаттау бойынша HackerOne бағдарламасының арқасында 36 шағым өңделді және шағым иелеріне $87 000 астам мөлшерде сыйақы берілді. Сондай-ақ TikTok HackerOne ұйымының Ambassador World Cup іс-шарасына қатысты. Бұл нақты уақыт режиміндегі хакерлік іс-шараға біздің қорғаныс жүйелерімізді тексеру үшін бүкіл әлемдегі үздік этикалық хакерлер шақырылған болатын.

Платформа қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардан бөлек біз қауымдастықтың желідегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болатынын және TikTok қауіпсіздік пен құпиялылық үшін қандай құралдар мен мүмкіндіктерді ұсынатынын үйретуге тырысамыз. 2023 жылдың төртінші тоқсанында біз TikTok туралы фактілер сериясын жалғастырдық. Біз онда жекелендірілген жарнама құралдары туралы кең таралған мәлімдемелерді жоққа шығарып, TikTok-тағы қауіпсіздік және құпиялылық туралы маңызды ақпаратты көрсету үшін қауымдастықпен ресурстарды бөліскен болатынбыз.


Спам және жасанды белсенділік

Біз сыртқы қауіп-қатерлерді анықтау және платформаны жасанды аккаунттар мен белсенділіктен қорғау бойынша іс-шаралар барысында сақтық танытамыз. Мұндай қауіп-қатерлер біздің жүйелерімізді үнемі зерттеп, шабуыл жасап отырады. Бұл өз кезегінде осы салалардағы көрсеткіштердің кей-кейде ауытқып тұруына әкеледі. Соған қарамастан біз платформадағы танымалдылығын жасанды түрде арттыруға ұмтылған аккаунттарды, контентті немесе іс-әрекеттерді әрдайым дереу анықтап, жоюға тырысамыз. 2023 жылдың төртінші тоқсанында жасанды белсенділіктің кейбір көрсеткіштерінің өскені байқалды (төмендегі диаграммаларды қараңыз). Біздің спам анықтау жүйелеріміз ойдағыдай жұмыс істеген болатын, атап айтқанда, платформа тұтастығының бүлінбейтініне көз жеткізе отырып, күдікті аккаунттар мен контентті дәл анықтап, жойды.


Жарнама

Жарнама беруші аккаунттары және жарнамалық контент Қауымдастық ережелеріне, Жарнама саясаттарына және Пайдалану шарттарына сай келуі керек. TikTok қауымдастықты жасанды, алаяқтық немесе жаңылыстырушы жарнамалық контенттен қорғау үшін қатаң саясаттарды қолданады. Пайдаланушылардың және жарнама берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — үнемі біздің мойнымызда болатын міндеттеме. 2023 жылдың төртінші тоқсанында жарнама саясаттарын бұзғаны үшін жойылған жарнамалардың көлемі артып, аккаунт деңгейіндегі іс-әрекеттер негізінде жойылған жарнамалар көлемі азайды. Біз жүйелерімізді үздіксіз тексеріп және жетілдіріп отырамыз. Бұл жаңа заңдылықтарды анықтап, саясаттарымызды бұзатын жарнамаларды жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік береді. Қатаң саясаттарды ұстану, озық анықтау механизмдерін пайдалану және жүйелерді үздіксіз жетілдіру арқылы біз сенімді, қызықты және екпінді TikTok қауымдастығымыздың құндылықтарына сәйкес келетін жарнама тәжірибесін қамтамасыз етуге тырысамыз.

Жарнама саясатының орындалуын қамтамасыз ету

Басқа есептер

Бұл сізге көмектесті ме?

thumps upИәthumps downЖоқ