17 сәуір 2024 ж.шығарылды
17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді
Біз пайдаланушыларымызды сенімді ақпаратқа емін-еркін қол жеткізе алғанын, түпнұсқа контентпен танысқанын және шынайы адамдармен өзара әрекеттескенін қалаймыз. Бұл платформада және одан тыс сенім мен есептілікке негізделген қауымдастықты құру үшін маңызды.
Ғаламдық қауымдастық адамдардың әртүрлі пікірлері болатыны орынды нәрсе, бірақ ортақ фактілер мен шындық негізінде жұмыс істеуге тырысамыз. Біз жеке тұлғаларға немесе қоғамға елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратқа қандай ниетпен жасалғанына қарамастан тыйым саламыз. Контент дәлдігін бағалау үшін, біз фактілерді тексеру бойынша тәуелсіз серіктестердің көмегіне, қоғамдық денсаулық қорғау органдарының нұсқаулықтарына және бұрынғы фактілерді тексеру өтініштерінің дерекқорына сүйенеміз.
Егер контент орташа зиян келтіруі мүмкін жалған ақпаратты (мысалы, денсаулыққа қатысты белгілі бір контент, конспирологиялық теориялар, қайта профильденген медиа немесе бұрмаланған сенімді дереккөздер) қамтитын болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Сақ болу мақсатында төтенше жағдайлар туралы расталмаған ақпарат пен фактілерді тексеру мамандарының тексеруіне уақытша берілген контент те «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.
TikTok интерфейсін басқаруға көмектесу үшін, біз фактілерді тексеру серіктестері тексерген және дәл деп растауға келмейтін контентке ескерту белгілерін қосуымыз мүмкін. Сондай-ақ біз мұндай контент бөлісу қажеттілігін қайта қарау туралы сұраулар жіберуіміз мүмкін.
Қосымша ақпарат
Жалған ақпарат жалған немесе жаңылдыратын контентті білдіреді.
Елеулі зиян дегеніміз физикалық зиянның ауыр формаларын (соның ішінде өмірге қауіп төндіретін жарақат немесе өлім), психологиялық зиянды (соның ішінде травма), мүлікке келтірілген ауқымды зақымды және әлеуметтік зиянды (соның ішінде фундаменталдық әлеуметтік процестер мен институттарға нұқсан келтіру) білдіреді.
Денсаулыққа орташа зиян келтіретін жалған ақпарат дегеніміз емдеуге қатысты, сондай-ақ шұғыл емес немесе өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттардың, күйлердің немесе сырқаттардың алдын алуға қатысты жалған немесе жаңылыстырушы контентті білдіреді.
Конспирологиялық теориялар дегеніміз түсіндірілмейтін оқиғалар туралы көзқарастарды білдіреді немесе оқиғалардың жалпы мойындалған түсіндірмелерін қабылдамауды, соның ішінде оларды құпия немесе ықпалды тұлғалар немесе топтар жасады деген болжамдарды білдіреді.
Қайта профильденген медиа дегеніміз өңделмеген және контекстен тыс берілген, сондай-ақ адамдарды қоғамдық маңыздылығы бар өзекті тақырып жөнінде жаңылыстыруға әкелуі мүмкін медиа контентін білдіреді.
Бұрмаланған сенімді дереккөздер дегеніміз мойындалған және сенімді ақпаратқа (мысалы, зерттеу институттарының есептері) қатысты жаңылыстырушы корреляциялар немесе қорытындылар жасауға насихаттайтын контентті білдіреді.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ
РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
Сайлау маңызды оқиға болып табылады және қарқынды талқылау мен талдау нысанына түседі. Біз адамдардың арасына іріткі салмастан, мұндай талқылаулар жүргізуге мүмкіндік беретін орын болуға тырысамыз. Біз ақылы саяси жылжытуға, саяси жарнамаларға және саясаткерлер мен саяси партиялардың қаражат жинауына (өздері немесе басқалары үшін) тыйым саламыз. Біздің саяси жарнамалар саясатымыз стандартты ақылы жарнамаларды да, үміткердің сайлауға түсуіне қолдау көрсеткені немесе қарсы тұрғаны үшін авторларға сыйақы беруді де қамтиды.
Біз азаматтық идеяларды өнімді диалог құруға болатындай жолмен саналы түрде алмасуға мүмкіндік бергіміз келеді. Сайлауға араласуға, билікті бейбіт жолмен табыстауды бұзуға немесе платформадан тыс зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін азаматтық және сайлау процестеріне қатысты жалған ақпаратқа немесе контентке рұқсат бермейміз.
Егер контент дауыс берушіге саналы шешім қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін жалған ақпаратты қамтитын болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болуы мүмкін. Сақ болу мақсатында сайлау туралы расталмаған ақпарат пен фактілерді тексеру мамандарының тексеруіне уақытша берілген контент те «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болуы мүмкін.
TikTok интерфейсін басқаруға көмектесу үшін, біз фактілерді тексеру серіктестері тексерген және дәл деп растауға келмейтін контентке ескерту белгілерін қосуымыз мүмкін. Біздің сайлау адалдығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарымыз және үкімет, саясаткер және саяси партия аккаунттары туралы толығырақ ақпарат алыңыз.
Қосымша ақпарат
Жалған ақпарат жалған немесе жаңылдыратын контентті білдіреді.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ
Біз жаңа жасанды интеллект (ЖИ) пен басқа цифрлық технологиялар беретін шығармашылық мүмкіндіктерін қолдаймыз. Алайда ЖИ және басқа цифрлық өңдеу технологиялары шындық пен жалғандықты ажырату мүмкіндігін қиындатып, адамдарды жаңылдыруы немесе қоғамға зиян келтіруі мүмкін. Біз шынайы болып көрінетін көріністерді немесе адамдар бейнеленген AIGC контентін немесе өңделген медианы белгілеуді талап етеміз. Ол үшін AIGC белгісін пайдалануға немесе айқын тақырып, су таңбасын немесе өзіңіз жасаған жапсырманы қосуға болады.
Тиісті түрде белгіленген болса да, жасанды интеллект арқылы жасалған контент немесе өңделген медиа зиянды болуы мүмкін. Жалған сенімді дереккөздерді немесе дағдарыстық оқиғаларды бөлісетін немесе көрсететін контентке, сондай-ақ қоғам қайраткерлерін белгілі бір контексте жалған көрсететін контентке рұқсат бермейміз. Оған біреуді қорлау, мақұлдау немесе біреудің мақұлдауын алу кіреді.
Біз адамдардың құпиялылығын қорғауға ұмтыламыз. Біз нақты бір жас балаға ұқсастықты қамтитын немесе ересек қоғам қайраткеріне ұқсастықты оның рұқсатынсыз пайдаланатын контентке рұқсат бермейміз.
Қосымша ақпарат
Жасанды интеллект арқылы жасалған контент (AIGC — AI-generated content) — жасанды интеллект (ЖИ) технологиясы немесе машиналық оқыту процестері арқылы жасалған немесе өзгертілген контент, соның ішінде кескіндер, видео немесе аудио. Мұндай контентке шын өмірдегі адамдардың кескіндері кіреді және өте шынайы болып көрінетін көріністерді көрсетуі немесе белгілі бір көркемдік стилін (мысалы, сурет салу, мультипликация немесе аниме) пайдалануы мүмкін.
Айтарлықтай бөлігі өңделген контент — адамдар орындамаған әрекеттерді орындаған ғып, айтпаған сөзді айтқан ғып көрсететін немесе олардың сырт келбеті тануға қиын болатындай етіп өзгертілген контент. Оған белгілі бір бет сүзгілерін немесе жеке тұлға кескінінің анимациясын қолдану кіреді.
Жаңылыстырушы AIGC контенті немесе өңделген медиа — контент мағынасын өзгертетіндей және көрермендерді шын өмірдегі оқиғалардың шынайылығы жөнінде жаңылдыратындай етіп құрамын, ретін немесе уақыт шкаласын өзгерту үшін өңделген, соның ішінде әртүрлі клиптерді біріктіру арқылы өңделген дыбыстық немесе визуалды контент.
Шынайы болып көрінетін көріністер немесе адамдар — адамдардың көрсетілген тұлғаның шын екендігіне немесе оқиға шын өмірде орын алды деп сеніп қалуына әкелетін кескіндер, видео немесе аудионы пайдаланатын контент (мысалы, фотосурет немесе видео стилінде немесе сапасында көрсетілетін көрініс).
Ұқсастық — жеке тұлғаның айқын көрінісі. Оған дыбыстық және визуалды көрініс кіреді және жеке тұлғаның беті, денесі немесе өзгеше сыртқы келбеті, қимылдары немесе мәнері көрсетілуі мүмкін.
Қоғам қайраткерлері — қоғамда елеулі рөл ойнайтын ересектер (18 жастан асқан), мысалы, мемлекеттік лауазымды тұлға, саясаткер, компания басшысы немесе жұлдыздар. 18 жасқа толмаған адамдар қоғам қайраткері ретінде анықталмайды.
Жеке тұлғалар — қоғам қайраткері болып табылмайтын 18 жасқа дейінгі және ересек (18 жастан асқан) барлық адамдар.
ЖАРИЯЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ (AIGC белгісі, айқын тақырып, су таңбасы немесе жапсырма арқылы)
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
Шынайы белсенділік платформа тұтастығында шешуші рөл ойнайды және сізге қызықты болуы мүмкін контент соған сүйене отырып ұсынылады. Біз белсенділікті жасанды түрде арттыруға немесе TikTok-тың ұсыныстар жүйесін алдауға әрекет жасайтын қызметтер саудасына немесе маркетингісіне тыйым саламыз. Егер шынайы емес жоғары көрсеткіштері бар аккаунттар немесе контент анықталса, біз оған қатысты жасанды жазылушыларды немесе лүпілдерді жоямыз.
Егер контент сыйлықтарды, жазылушыларды, лүпілдерді, көру санын немесе басқа белсенділік көрсеткіштерін арттыру үшін басқа пайдаланушыларды алдауға немесе манипуляциялауға бағытталған болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.
Қосымша ақпарат
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ
TikTok — шығармашылық танытатын жер, сондықтан онда тек өзіңіз жасаған жұмысты жариялағаныңыз абзал. Біз біреудің интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзатын контентке тыйым саламыз. Егер ережелерді бұзатын контент анықталса, біз оны жоямыз. Біздің интеллектуалдық меншік саясаттарымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.
Егер контент жаңа немесе шығармашыл өзгерістерді қамтымайтын түпнұсқа емес немесе көшірмеленген контенттен тұратын болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.
Егер интеллектуалдық меншік құқығы бұзылды деп есептесеңіз, авторлық құқық туралы шағым немесе сауда белгісі туралы шағым жіберуіңізге болады.
Қосымша ақпарат
Интеллектуалдық меншік сіз жасаған объектіге меншік құқығы; ол авторлық құқық пен сауда белгілерін қамтиды.
Авторлық құқықтар — түпнұсқа авторлық туындыларға, соның ішінде музыкаға және видеоларға қатысты заңды құқықтар. Авторлық құқықтар идеяның түпнүсқа көрінісін (мысалы, видеоның немесе музыканың арнайы жолмен көрсетілуі немесе жасалуы) қорғайды, бірақ негізгі идеялар мен фактілерді қорғамайды.
Сауда белгілері — өнім немесе қызмет көзін анықтайтын және оны басқа өнімдерден немесе қызметтерден ажыратып көрсететін сөздер, таңбалар, ұрандар, суреттер немесе олардың тіркесімі.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ
Желіде сенімді қауымдастықты құру үшін, аккаунттардағы әрекеттер мен идентификацияның шынайы және дұрыс болғаны маңызды. Біз аккаунтта қауымдастыққа спам тарататын немесе жаңылдыратын әрекеттерге тыйым саламыз. Оған құпия ықпал ету операцияларын жүргізу, белгілі бір контент қамтуын арттыру үшін белсенділік көрсеткіштерімен айла-шарғы жасау және сондай-ақ спам тарату немесе өзін басқа адам атынан көрсететін аккаунттарды пайдалану кіреді. Егер аккаунт атауында (ескертпе: ол @пайдаланушы атынан бөлек) айқын жарияланған болса, пародиялық немесе жанкүйерлік аккаунттарға рұқсат етіледі.
Өзіңізді түпнұсқа шығармашыл жолмен таныту мақсатында әртүрлі арналарды жасау үшін бірнеше аккаунтты орнатуыңызға болады, бірақ алдау мақсатында жасауға болмайды. Біз аккаунттарды платформадағы манипуляцияларға қатыстыру үшін пайдалануға тыйым саламыз. Оған аккаунттарды жаппай тіркеу немесе пайдалану үшін автоматтандыру құралдарын пайдалану, коммерциялық контент жоғары көлемде тарату, белсенділік көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру және нұсқаулықтарды орындамаудың айналма жолдарын пайдалану кіреді.
Егер аккаунттарыңыздың бірі бұғатталған немесе қандай да бір функцияларына шектеу қойылған болса, бұғаттаудан немесе шектеуден құтылу үшін жаңа аккаунтты орнатуға немесе бұрыннан бар басқа аккаунтты пайдалануға болмайды.
Егер аккаунтта осындай алдамшы іс-әрекеттердің орындалғаны анықталса, біз аккаунтты бұғаттаймыз. Сондай-ақ пайдаланылып жатқан балама аккаунттарды немесе жаңадан жасалған аккаунттарды да бұғаттауымыз мүмкін.
Қосымша ақпарат
Құпия ықпал ету операциялары (CIO — Covert influence operations) — аккаунттар желісі адамдарды немесе біздің жүйелерімізді жаңылдыру және қоғамдық талқылауға стратегиялық ықпал етуге тырысу мақсатында бірге жұмыс істейтін ұйымдастырылған күмәнді іс-әрекеттер. Оларға сайлау нәтижелерін бүлдіру, қарулы қақтығыстың кейбір тұстарына ықпал ету немесе әлеуметтік мәселелер туралы қоғамдық талқылауды қалыптастыру кіреді. Құпия ықпал ету операциялары туралы толығырақ ақпарат алыңыз.
ЖАРИЯЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ (аккаунт атауында)
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ