TikTok LogoTikTok Logo
Аккаунттар мен функциялар

Аккаунттар мен функциялар

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

Аккаунттар

Аккаунт ашу үшін 13 жасқа толған болуыңыз керек. Сондай-ақ кейбір аймақтарда жергілікті заңнама негізінде қосымша жас шектеулері қолданылады. АҚШ-та 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналған TikTok интерфейсі деп аталатын бөлек функция бар. Бұл функция қосымша қауіпсіздік қорғанысы және арнайы Құпиялылық саясаты бар едәуір шектеулі интерфейсті ұсынады. TikTok-та минималды жасқа жетпейтін пайдаланушылардың аккаунттары анықталса, мұндай аккаунттар бұғатталады.

Біздің ережелерімізді бұзу аккаунттарға қатысты шара қабылдауға әкелуі мүмкін. Біз мыналарға қатысы бар аккаунттарды немесе аккаунт иелерін бұғаттаймыз:

  • Ережелерді бір рет өрескел түрде бұзған контент
  • Ережелерді бірнеше рет бұзған контент
  • Нұсқаулықтарды орындамаудың айналма жолдарын пайдалану
  • Ережелерді бұзатын іс-әрекеттерді орындауға арналған аккаунттарды пайдалану

Оларға ең бірінші кезекте платформада рұқсат етілмеген барлық іс-әрекеттер (мысалы, ғадауат тіліне, тыйым салынған тауарлар саудасына немесе маркетингісіне, спамға немесе өзін басқа адам атынан көрсетуге бағытталған аккаунттар) (айналып өту және арнайы аккаунттары туралы толығырақ ақпаратты Спамдық және алдамшы әрекеттер) бөлімінен оқыңыз. Ережелерді өрескел түрде бұзған жағдайда немесе айналып өту іс-әрекеттеріне қатысқан жағдайда біз аккаунт иесінің платформадағы басқа аккаунттарын да бұғаттаймыз.

Сондай-ақ аккаунт иесі зорлық-зомбылыққа немесе өшпенділікке шақыратын субъект екені анықталған жағдайда немесе жас балаға қарсы сексуалдық қылмыс жасаған болса, оның аккаунтын бұғаттаймыз. Мұндай аккаунттарды бұғаттау туралы шешім қабылдаған кезде, біз зорлық-зомбылыққа, өшпенділікке және балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа немесе эксплуатацияға қатысты платформадан тыс әрекеттерді де ескереміз. Біз адам өміріне немесе денсаулығына нақты, шынайы және тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті құқық қорғау органдарына мұндай аккаунттар туралы хабарлаймыз.

Платформада рұқсат етілген, бірақ «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контентті қайталап жариялау аккаунттың және ондағы контенттің ұсыныс үшін жарамсыз болып қалуына, соның ішінде «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болып қалуына және іздегенде табылуына қиындай түсуіне әкелуі мүмкін. Біздің аккаунтқа қатысты шара қабылдауға жалпы көзқарасымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Жаңалықтар, үкімет, саясаткер және саяси партия аккаунттары

Ақпарат агенттіктері, үкіметтер, саясаткерлер және саяси партиялардың аккаунттары азаматтық процестер мен азаматтық қоғамда маңызды рөл ойнайды. Біз олардың контент басқа аккаунттардағы контент сияқты қабылдаймыз және ережелерді бұзатын контентті сәйкесінше жоямыз. Алайда адам құқықтары мен сөз бостандығын құрметтеуге қатысты міндеттемемізге сәйкес келу үшін аккаунт деңгейінде шара қабылдауға қатысты басқа көзқарас ұстанамыз. Қоғамдық мүдделерді білдіретін мұндай аккаунттар ережелерді бір рет өрескел түрде бұзған контент (мысалы, зорлық-зомбылықпен қорқыту) үшін бұғатталады. Ережелерді қатты өрескел емес түрде бірнеше рет бұзған контент үшін олар «Ұсыныстар» арнасында және басқа жазылушылардың арналарында уақытша көрсетілмейтін болады. Шектеулі жағдайларда оларға жаңа контентті жариялауға уақытша тыйым салынуы да мүмкін. Біздің қоғамдық мүдделерді білдіретін аккаунттарға көзқарасымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қосымша ақпарат

Ақпарат агенттіктеріне негізінен хабардар ету немесе ағартушылық мақсатта негізінен жаңалықтарды жариялауға бағытталған ұйымдар кіреді. Жаңалықтар аккаунты деген атауға ие болу үшін, аккаунт үкіметаралық ұйым, реттеуші немесе сенімді баспасөз ұйымы тарапынан заңды түрде лицензияланған, сертификатталған немесе мойындалған болуы керек.

Үкіметтер мен саясаткерлерге федералды немесе ұлттық деңгейде сайланған лауазымды тұлғалар мен үміткерлер, штат/провинция/аумақ/жергілікті үкіметтің билік органдары, министрлер кабинеті және ресми өкілдер жатады. Қандай аккаунттар үкімет, саясаткер және саяси партия аккаунттары ретінде есептелетіні туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Өрескел бұзушылыққа мыналар кіреді:

  • Зорлық-зомбылықты насихаттау, дәйексөздер келтіру немесе қорқыту
  • Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарды көрсету немесе алып-сату
  • Жасөспірімдерге қатысты сексуалдық алымсақтыққа немесе грумингке қатысу
  • Келісімсіз жыныстық қатынасты (мысалы, зорлау немесе тиісу) көрсету немесе насихаттау
  • Адамдарды жасырын өткізуге қатысты әрекеттер мен қызметтерді ұйымдастыру немесе жағдай жасау
  • Адам саудасына қатысты әрекеттер үшін адам жалдау немесе ұйымдастыру
  • Шын өмірде жәбірлеуді көрсету

TikTok-тағы тікелей трансляциялар

TikTok-тағы тікелей трансляциялар нақты уақыт режимінде контент жасауға, аудиториямен өзара әрекеттесуге және жеке қауымдастықты құруға мүмкіндік береді. Тікелей трансляцияда қауіпсіздікті сақтау үшін, біз жас балаларға бұл функцияны пайдалануға тыйым саламыз. Тікелей трансляцияға шығу және тікелей трансляция кезінде авторларға сыйлықтар жіберу үшін, 18 жасқа толған болуыңыз керек.

Ережелерді бұзу ағымдағы тікелей трансляция сеансының жабылуына әкеледі және тікелей трансляцияны немесе тікелей трансляция функцияларын пайдалануға қатысты уақытша шектеулердің қолданылуына немесе аккаунттың бұғатталуына әкелуі мүмкін. Тікелей трансляция кезіндегі белгілі бір монетизация функцияларын пайдалану үшін, аккаунттар тиісті кіру шарттарына сай келуі қажет.

Егер тікелей трансляцияда «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контент жарияланса немесе тікелей трансляцияның басты мақсаты адамдарды платформадан тыс жерге бағыттау болса, мұндай тікелей трансляция «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Егер тікелей трансляцияда жас балалар үшін жарамсыз контент жарияланатын болса, оған шектеу (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) қойылады. Егер тікелей трансляцияда «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контент бірнеше рет жарияланса, біз аккаунт иесіне уақытша шектеулер қоямыз, соның ішінде оның тікелей трансляция сеанстарының көріну мүмкіндігін немесе кейбір тікелей трансляция функцияларын пайдалану мүмкіндігін шектейміз.

Бірнеше қонақ қатысатын тікелей трансляцияда көрсетілетін контент үшін тікелей трансляцияны ұйымдастырушы аккаунт жауап береді. Ұйымдастырушылар қонақтардың ережелерді бұзатын немесе «Ұсыныстар» стандарттарына сай келмейтін контентті бөлісуіне жағдай жасамауы керек. Егер қонақтар ереже бұзатын контентті трансляцияласа, бірнеше қонақ қатысатын тікелей трансляция сеансы жабылады және ұйымдастырушылар мен қонақтардың тікелей трансляцияға кіру мүмкіндігіне уақытша шектеу қойылуы мүмкін. Егер қонақтар «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контентті трансляцияласа, тікелей трансляция «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болып қалады.

Қосымша ақпарат

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Ережелерімізді бұзатын тікелей трансляция контенті, соның ішінде бірнеше қонақ қатысатын тікелей трансляцияның қонағы бөліскен контент
  • 18 жасқа толмаған аккаунт иесінің тікелей трансляциядағы контенті
  • 18 жасқа толмаған аккаунт иесінің тікелей трансляцияда жіберген сыйлықтары

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Ең бірінші кезекте адамдарды платформадан тыс бағыттауды көздейтін тікелей трансляция контенті
  • «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз тікелей трансляция контенті, соның ішінде бірнеше қонақ қатысатын тікелей трансляцияның қонағы бөліскен контент

Іздеу

Іздеу құралы платформадағы контентті іздеуге көмектесетін пайдалы құрал болып табылады. Біз қатысты іздеу нәтижелерін ұсынуға тырысамыз. Біздің ережелерімізді бұзатын кілтсөздер немесе сөз тіркестері пайдаланылатын іздеу әрекеттерін жасауға шектеу қойылады. Платформада рұқсат етілген, бірақ ұсыныстар үшін жарамдылық талаптарына сай келмейтін контент іздеу нәтижелерінің басында көрсетілмеуі мүмкін.

Біз сізге қатысты іздеу ұсыныстарын көрсетеміз. Мұндай іздеу ұсыныстары платформада, соның ішінде іздеу құралындағы автотолтыруда, «Сізге ұнауы мүмкін» бөліміндегі контентте және «Ұсыныстар» арнасындағы контентті қарап жатқан кезде шығуы мүмкін.


Сыртқы сілтемелер

Профиль, био немесе контентте бөлісілген сілтемелер қосымша контентке немесе басқа сайттарға кіруге мүмкіндік береді. Кейбір сілтемелер пайдалы немесе мазмұнды болса, ал енді бірі зиянды контентті қамтуы мүмкін. Біз адамдарды ережелерді бұзатын контентке бағыттайтын сілтемелерді жариялауға тыйым саламыз. Ережелерді бұзу сілтеменің жойылуына, басқа сілтемені қайта жүктеп салу мүмкіндігінің уақытша шектелуіне немесе аккаунттың бұғатталуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ егер сілтеме ережелерді өрескел түрде бұзады деп саналатын контентке бағыттайтын болса, аккаунтты бұғаттауымыз мүмкін.


Пікірлер және жеке хабарлар

TikTok-тағы пікірлер мен жеке хабарлар видеолармен немесе басқа пайдаланушылармен тікелей өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді және платформадағы интерактивті әрекеттесудің тұтастығын қамтамасыз етеді. Жеке хабарларды пайдалану үшін, 16 жастан, ал кеңейтілген хабар жазу мүмкіндіктерін (мысалы, кейбір аймақтардағы топтық хабарлар) пайдалану үшін, 18 жастан асқан болуыңыз қажет.

Ережелерді бұзу пікірлердің көріну мүмкіндігінің шектелуіне немесе жойылуына, жеке хабарлар жіберу мүмкіндігінің шектелуіне әкеледі, сондай-ақ өрескел бұзушылық орын алған жағдайда аккаунттың бұғатталуына әкелуі мүмкін.


Монетизация

Біз авторларға контентті монетизациялауға, ал компанияларға жұмыс істеуге және қызметін кеңейтуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынамыз. Монетизация функцияларын пайдалану үшін 18 жасқа толған болуыңыз керек.

Монетизация функцияларын пайдалану үшін, аккаунттар тиісті кіру шарттарына сай келуі қажет. Кейбір монетизация функцияларын (мысалы, тікелей трансляция кезінде сыйлықтар жіберу) пайдалану үшін қосымша стандарттар қолданылады. Ережелерді бұзу монетизация функцияларының уақытша шектелуіне әкелуі мүмкін, ал бірнеше рет бұзу біржолата шектеуге немесе аккаунттың бұғатталуына әкеледі. «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контент үшін монетизация функцияларына шектеу қойылуы мүмкін.

TikTok-тағы барлық коммерциялық контент жариялауы және монетизация функцияларына қатысты тиісті саясатқа (мысалы, Брендтелген контентке қатысты саясат, TikTok-тағы шығармашыл жарнамаларға қатысты саясат, Салаға ену саясаты және TikTok-тағы дүкендерге қатысты саясаттар) сай келуі керек. Егер айқын түрде жарияланбаған маркетингтік контент анықталған жағдайда біз оған контент түрі туралы белгі қолданамыз. Коммерциялық контентке жеке брендті, өнімдерді немесе қызметтерді жарнамалау, авторлар, үшінші тарап пен автор (мысалы, брендтелген контент), автор және компания (мысалы, электрондық коммерция) немесе автор мен TikTok (мысалы, авторлар қоры) арасында қандай да құндылықтарды айырбастау кіреді.