TikTok LogoTikTok Logo
Жалпы шолу

Қауымдастық ережелері

Жалпы шолу

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

TikTok — контентті зерттеуге және жасауға, сондай-ақ бүкіл әлемдегі пайдаланушылармен араласуға мүмкіндік беретін ойын-сауық және білімді жетілдіру көзі. Біздің миссиямыз — шығармашылыққа ынталандыру және қуаныш сыйлау.

Біздің Қауымдастық ережелеріміз қонақжай, қауіпсіз, сенімді әрі қызықты тәжірибе беруге бағытталған. Ережелер платформадағы барлық пайдаланушыларға барлық мәселеге қатысты қолданылады. Ондағы ережелерде TikTok-та ненің рұқсат етілетіні белгіленген, ал стандарттар «Ұсыныстар» арнасында қандай контентке рұқсат етілетінін анықтайды. Ережелер жаңа тәуекелдер мен зиян келтіруге жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Оқуға ыңғайлы болуы үшін Ережелер тақырыптар бойынша бөлінген және әрбір ереже қалың қаріппен бөлектелген. Әрбір бөлімнің соңындағы Қосымша ақпарат түймесін басу арқылы анықтамалар мен мысалдарды, сондай-ақ жиі кездесетін сұрақтарға қатысты түсіндірмелермен танысуға болады. Мысалдар барлығын қамтымайды («және т.б.» деген сөзді қайталап жаза бермеу үшін одан бас тартқанымызды хабарлаймыз). Егер контентті бөлісуге сенімсіз болып тұрсаңыз, басқа пайдаланушыларға қамқорлық пен жақсы қарым-қатынас сақтауды ұмытпаңыз.

TikTok-ты әрбір адам үшін қонақжай орта етудегі көмегіңіз үшін алғыс айтамыз!

Контентті модерациялау

Платформа қауіпсіз, сенімді әрі мазмұнды болып қалуы үшін, шығармашыл сөз бостандығы мен зиян келтіруге жол бермеу арасында тепе-теңдік сақтай білу керек. Біз мұндай тепе-теңдікті сақтау үшін әртүрлі қауіпсіздік тәсілдерінің тіркесімін пайдаланамыз:

жоямызРұқсат етілмейтін контентті

TikTok-қа қосылған әрбір пайдаланушының контентті платформада емін-еркін бөлісуге құқығы бар. Алайда жалпыға қолжетімді немесе жеке аккаунтта жарияланған қандай да бір контент ережелерімізді бұзатын болса, ондай контентті жоямыз.

шектеймізЖасөспірімдер үшін жарамсыз контентті

Біздің платформада контенттің кең ауқымына рұқсат етілгенімен, біз жас аудитория үшін оның бәрі жарамды бола бермейтінін түсінеміз. Біз мұндай контентті тек ересек (18 жастан асқан) пайдаланушылар көре алатындай етіп шектейміз. Шектеулі контент санаттарының жиынтығын осы жерден таба аласыз.

жарамсыз етемізҰсыныс стандарттарына сай келмейтін контентті «Ұсыныстар» арнасы үшін

«Ұсыныстар» арнасы жаңа контентпен танысып, жаңа аудиторияны табуға мүмкіндік береді, бірақ контенттің барлығы ұсынылатынына кепілдік берілмейді. Стандарттарымызға сай келмейтін контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Бұл стандарттардың жиынтығын осы жерден таба аласыз.

қамтамасыз етемізҚауымдастығымызды ақпаратпен, құралдармен және ресурстармен

Біз TikTok-ты дұрыс пайдалануы үшін пайдаланушыларымыздың қолында дұрыс ақпараттың бар екеніне сенімді болғымыз келеді. Біз қосымша ақпаратты жеткізу үшін белгілерді, «келісу» экрандарын немесе ескертулерді қосамыз. Біздің қауіпсіздік бойынша құралдар жиынтығымыз арқылы көргіңіз келмейтін белгілі бір хэштегтер мен пікірлерді сүзгіден алып тастауға болады. Сондай-ақ біз аккаунтты басқару элементтерін және қауіпсіздік ресурстарындағы қолданба мүмкіндіктерін ұсынамыз.