ашықтық орталығы
Тақырыптар
Әр бөлім туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі тақырыптарды қарап шығыңыз
Біздің міндеттемелеріміз
Біздің TikTok-тағы миссиямыз — шығармашылыққа ынталандыру және қуаныш сыйлау. Біз қауымдастықтың сеніміне ие болып, жауапты, әділ әрі ашық болуға ұмтыламыз.
Ашықтық туралы есептер
TikTok мерзімді түрде жариялап отыратын ашықтық туралы есептерден біздің Қауымдастық ережелерін қалай ұстанатынымызды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпарат туралы сұрауларына, мемлекеттік билік органдарының контентті жою туралы сұрауларына және интеллектуалды меншік құқықтарын бұзатын контентті жою туралы сұрауларға қалай жауап беретінімізді көруге болады. TikTok-ты қауіпсіз әрі қызықты ету үшін қандай қадамдардың орындалып жатқаны туралы толығырақ біліңіз.
Ашықтық және есептілік орталықтары
TikTok-тың ғаламдық Ашықтық және есептілік орталықтарында шақырылған қонақтар контентті модерациялау және ұсыну, платформа қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пайдаланушылардың құпиялылығын қорғау процестерімен жақынырақ таныса алады. Оған қоса, қонақтар бастапқы код және қолданба алгоритмінің қалай жұмыс істейтіні туралы біле алады.
TikTok және ByteDance
TikTok ұялы телефонға түсірілетін қысқа метражды видеоларға арналған жетекші платформа болып табылады. TikTok ортақ қызығушылықтарға ие қауымдастықтарды табуға көмектеседі, шығармашылықты танытуға арналған кеңістікті қамтамасыз етеді және қоршаған дүниемен танысуға мүмкіндік береді.
TikTok тілі, мәдениеті және географиялық орналасқан жері әртүрлі адамдарға хабар беруге, оқытуға, көңіл көтеруге және шабыттандыруға арналған бірқатар контент платформаларын басқаратын ByteDance Ltd. ғаламдық технологиялық компаниясының флагмандық өнімі болып табылады.
Ғаламдық платформа ретінде TikTok Қытайдан басқа негізгі нарықтардың көп бөлігін қамтиды, ал Қытайда ByteDance компаниясы қысқа метражды видеолар үшін Douyin деп аталатын қолданбаны ұсынады. TikTok кеңселері бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Лос-Анджелес, Кремний алқабы, Нью-Йорк, Дублин, Лондон, Париж, Берлин, Дубай, Сингапур, Джакарта, Сеул және Токиода орналасқан.
StartUp Академиясы 3.0: TikTok пен Astana Hub стартаптарға арналған кеңейтілген білім беру бағдарламаларына қабылдауды бастады
11/7/2024
StartUp Академия 3.0: TikTok и Astana Hub открыли набор на расширенную образовательную программу для стартапов
11/7/2024
TikTok Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге және оқытушыларға байқау жариялауда
11/5/2024